SMART TEAM

сплоченная команда единомышленников, которых объединяет одна основная идея

Сагинтаев Алишер

Мұғалім, академиялық бөлімнің басшысы

2014 жылдан бері мұғалімдік қызмет атқарып келе жатқан және SMART TEAM командасына кірген алғашқы адамдардың бірі. «НЗМ дайындық тест жинағы» авторларының бірі және 2019 жылы worksheets проекті бойынша 4000 тапсырма құрастырған мұғалімдер командасына кіреді. Сүйікті ісі – білім беру. Әр уақытта өз жұмысына қатысты заманауи, жаңа методикалық әдістер ізденісінде жүретін ұстаз.

«Менің мұғалімдік іске келген себебім – 11 сыныпта Аралбек Берікұлы деген өзімнің ұстазым, осы Smart Bilim орталығының негізін қалаушы, мені ҰБТ-ға дайындап, математикаға деген махаббатымды оятқан болатын.

Маған өз ісімнің ең ұнайтын тұстары ол: баламен тікелей байланыс жасау, өзімнің білетінімді балаға беру. Өзім қалай түсінсем, балалар да максималды түрде солай түсініп, математикаға деген олардың махаббаты менен де ертерек жаста оянғанын қалаймын. Бәрінен де ұнайтын әрі көңіліме жақын жағы – сен адамдардың болашағына, тағдырына үлес қоса алатын адам болып сезінгенің. Менің ұстаздық қызметімдегі жеткен ең жоғарғы жетістігім, ол – сенімсіз, тұйық болып келген балалардың өз-өзіне сеніп, оянып, көзқарастарының өзгеруі.

Ақылды балаларды үйрету оңай әрине. Ол саған ақылды болып келеді, сен оған тек бағыт-бағдар бересің, әрі қарай ол өзі алып кете береді. Ал, тұйық балалардың көзін ашу – мен үшін жетістік.

Мен өз оқушыларымның мотивациясын ең бірінші, өзімнің ісіммен оятуға ұмтыламын. Сабақ үстінде оларға әдептіліктен аспайтын еркіндік беруге тырысамын. Әр тақырыпты өмірге, олардың көңіліне жақын нәрселерді қолдана отырып түсіндіремін. Сабақтан тыс көбірек уақыт өткізуге барымды саламын. Кейін олардың қызығушылықтары арта бастайды. Артта қалып жүрген балаларды жексенбі күні шақырамын. Бірақ, біз сабақтың кем дегенде 50%-ын жеке әңгіме ретінде өткіземіз. Ағалық, достық қарым-қатынас арқылы мотивацияны көтереміз».



SMART BILIM ru kz