SMART TEAM

сплоченная команда единомышленников, которых объединяет одна основная идея

Жумагожина Айнур

Администратор

Айнұр командаға достарының ұсынысы бойынша келді және бұл ұсынысы үшін оларға риза.

"Бұл салада менің алғаш рет жұмыс істеуім, білім саласында қызмет ету маған ұнайды, атап айтқанда, күнде жаңа нәрсені үйрену, жақсы тәжірибе алу".

Басты міндеттері: клиенттерді қарсы алу және қабылдау, келісім шарттар жасау, қоңырауларға жауап беру. Ең бастысы, бұл Smart Bilim өнімдерін сапалы түрде сату.

"Сатылымдар туралы кітаптарды оқып, көптеген пайдалы ақпаратты біліп, оларды тәжірибеде қолдануға тырысамын".

"Мұндағы атмосфера ұнайды, қызмет жағынан да, жеке тұлға ретінде дамуға да жақсы мүмкіндіктер бар. Өте жас және жақсы ұжым, ақылды, қызықты, болашағынан зор үміт күттіретін адамдармен жұмыс жасаудамын. Әрбір адамның өз көзқарасы мен өмір көрінісі бар, бірақ бір-бірін толықтырады. Мен команданың мүшесі болғаныма өте қуаныштымын.  Бірінші күннен бастап барлығы мені өте жылы қабылдады, тіпті бейімделу, танысу үшін уақыт қажет емес болды. Барлығымен оңай тіл табыстым десем қателелеспеймін ".

Болашақта SmartTeam командасын тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде де өте үлкен, табысты және танымал команда ретінде көреді!



SMART BILIM ru kz