SMART TEAM

сплоченная команда единомышленников, которых объединяет одна основная идея

Сахаев Саят

Администратор

«Мен әрбір жұмыс күнінен клиенттердің жүзіндегі күлкіні, мұғалімдердің жақсы көңіл-күйде болғанын күтемін. Әрбір күннің жақсылықтарға толы болуын күтемін.

Команда, менің ойымша, жас және өршіл. Бұл команданың бір бөлігі болу мен үшін үлкен құрмет. Барлығы мені жылы қабылдады, сол үшін де командаға алғыс айтқым келеді.

Менің жұмысымның ең қызықты жері – келген адамдарды қарсы алу. Келген клиенттің орталық туралы бірінші әсерін қалыптастыратын адам – администратор Оқушы біздің орталыққа жазылады ма әлде бәсекелестердің орталығына жазылады ма деген сұрақтың жауабы мен жасайтын іс-әрекеттеріме тікелей байланысты. Осы сәт менің жұмысымның ең қызықты және жауапты бөлігі деп есептеймін.

Клиент орталығымызға бірінші келгеннен-ақ, баласын бізге сеніп тапсыратынын және білім алып қана қоймай, көптеген бақытты сәттерді басынан өткізетінін түсінгенін қалаймын. Себебі біздің мұғалімдер жай ғана математиканы оқытып қана қоймай,  балаларға ақылшы дос бола біледі.

Мен өзімді тек білім саласында көремін. Осы салада жұмыс істеу мен үшін мәртебе. Білім беру сапасын арттыру біздің қоғамымызды жақсы жаққа қарай өзгертетініне сенімдімін».



SMART BILIM ru kz