SMART TEAM

сплоченная команда единомышленников, которых объединяет одна основная идея

Досболов Ыхыласжан

Мұғалім

«Мен мұғалім болуды студент кезімде шештім. Сабақ беру – маған бірінші реттен бастап ұнады».

Өзгелермен тез тіл табысады, ұқыпты, өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайды.

«Эмоционалдық тұрғыда жұмыс күнінен өте үлкен қуат алатынымды күтемін. Менің күнделікті мақсатым-өз шәкірттерімді қарсы алу, олармен сәлемдесу, олардың жағдайлары қалай екенін, мектептегі деңгейлері қандай екенін білу. Олар менен жаңа тақырыпты түсіндіргенімді күтеді. Мен тақырыпты түсіндіремін. Кейін мен оқушыларыммен бірігіп, сол тақырыпты жете түсінуге барынша ат салысамыз. Мен өзімді тек білім беруші мұғалім ретінде ғана емес, оқушының да рөлін сомдаймын. Яғни, оқушының орнына өзімді қойып, «мен оның орнында болғанда тақырыпты қалайша қабылдар едім?» деп сұраймын. Яғни, сабақтың басынан аяғына дейін, мен оқушыларыммен бірге, біз бір жарым сағат ішінде алға қойылған мақсатқа жету үшін бірге жұмыс жасаймыз».

Жапон мәдениетін жақсы көреді. Бос уақытында судоку шешіп, компьютерлік ойындар ойнауды ұнатады.



SMART BILIM ru kz