SMART TEAM

сплоченная команда единомышленников, которых объединяет одна основная идея

Калмагамбетов Мирас

Smart Bilim математикалық орталығының директоры

«Менің бітірген мамандығым – мұнай және теміржол. Мен бұл салада 10 жылға жуық жұмыс жасадым. Кейін, белгілі бір уақыт өткеннен соң, мен өзімді таппағандай сезіндім. Жасап жүрген жұмысым ұнамай бастады. Мен жұмысымды ауыстыру туралы ойлана бастадым. Аз уақыт өткен соң, маған жұмыс жасап жүрген жерімнен өз қызметімнен жоғары басқа бір қызметті ұсынды.

Бір күні маған досым, әрі Smart Bilim-нің негізін қалаушы Аралбек Берікұлы хабарласып, жаңа орталық ашқалы жатқанын және сонда администратор керек екенін айтты. Мен өзіме ұсынған жаңа қызметтен бас тартып, досыма келісімімді бердім.

2017 жылдың қаңтар айында мен Smart Bilim-ге жұмысқа орналасып, Smart Team командасына қосылдым.

1,5 жыл администратор қызметінде жұмыс жасадым. Одан кейін директордың орынбасары болдым. Қазіргі жұмысым – қаржы директоры және Smart Bilim орталығының директоры.

Орталыққа досымды көріп, оқушылармен араласып, келіп жүретінмін. Бірақ осы жерде жұмыс істеймін деп ойламаппын. Өзімді командада көрмейтінмін. Бірақ, жұмысқа келгелі, жұмыс жасай бастағалы өз-өзімді, өз жұмысымды тапқанымды түсіндім.

Командада болу, команда мүшелерімен бірге, Қазақстанымыз бен келешек ұрпақтың жарқын болашағы үшін жұмыс істеу мен үшін үлкен бақыт. Мұғалім болмасам да, кітап жазбасам да, сол адамдарға максималды тұрғыда, қолымнан келгенше көмегімді беру үшін мен Smart Bilim-де жұмыс жасап келемін».



SMART BILIM ru kz